Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қа­зақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді

Бүгінгі таңдағы әлемді дүр сілкіндірген және өзекті болып отырған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл тек бір мемлекеттің ғана емес, яғни халықаралық деңгейде бірлесе отырып шешуге жататын мәселе екендігі баршамызға мәлім.

Сондықтан да, жемқорлықтың алдын алатын, оған қарсы қолданылатын халықаралық актілерге тоқталып кетелік.

БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы – 2003 жылғы 31 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 58-інші сессиясының пленарлық отырысында қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғаш халықаралық-құқықтық құжат болып табылады. Бұл құжат 2005 жылы 14 желтоқсанда күшіне енді. Конвенция –  8 тараудан, 71 баптан тұрады.

Аталған конвенция Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясын ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған.

БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының негізгі мақсаты — неғұрлым тиімді және пәрменді түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру, жеңілдету мен қолдау және техникалық көмек көрсету, оның ішінде активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдау,  адалдық пен параға сатылмаушылықты, жауапкершілікті, сондай-ақ көпшілік істер мен көпшілік мүлікті тиісті басқаруды көтермелеу осы Конвенцияның мақсаттары болып табылады.  

Конвенция бойынша әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тәжірибенің тиімді түрлерін орнықтыруға және көтермелеуге ұмтылады.

БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды құру жөнінде белсенді қызмет атқарып келеді.

Осылайша, қорытындылай келе, БҰҰ-ның құжаттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу шаралары тиісті дейгейде қарастырылған.