СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚОҒАММЕН БІРЛЕСІП ЖЕҢЕМІЗ

Қазіргі таңда, қоғамның белсенді қатысуынсыз жемқорлықты азайту, тіпті жою мүмкін емес. Сондықтан әрбір азамат, қоғам қайраткері, оның ішінде блогерлер мен журналистер парасаттылық идеологиясын ілгерілетуде және жалпы жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда ерекше рөл атқарады.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев 9 қазанда  Алматы облысына жұмыс сапары аясында блогерлермен, бизнес-қоғамдастықпен,  қоғам және БАҚ өкілдерімен ашық диалог кездесуі өтті.

Іс-шара Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құру мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен Агенттіктің 2020 жылдың 9 айындағы қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакеті туралы айтып, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық үдерістермен, бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен, сондай-ақ парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдерімен таныстырды.

«Ашық диалог» түріндегі кездесу нысанын ескере отырып, қатысушылар жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша, оның ішінде қоғамды саяси жаңғырту және демократияландыру тұрғысынан өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара барысында айтылған барлық мәселелер бойынша Агенттік төрағасы толық түсініктемелер беріп, бірқатар нақты өтініштерді бақылауға алды.

Одан әрі Агенттік төрағасы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 288 орындық жаңа «Студенттер үйіне» барып, «Саналы ұрпақ» клубының көшбасшыларымен және «Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысының белсенділерімен кездесті.

Сонымен қатар, А. Шпекбаев өңірге жұмыс сапары барысында «Open Талдықорған сервистік әкімдігі» мен жаңа Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болды.

Іле ауданы Өтеген батыр кентінде ведомство басшысы қоғам қайраткерлерінің, Агенттік жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобының төрайымы А. Соловьеваның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтық жобалық топтардың жетекшілерінің делегациясымен бірге Оңтүстік аймақ бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ресми ашылуына қатысты. Ауданаралық бөлімшенің жаңартылған ғимараты Open Space нысанында жасалған. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ашықтығын, қолжетімділігі мен транспаренттілігін айғақтайды.

Аталған іс-шара барысында Алик Шпекбаев Агенттіктің оңтүстік кореялық серіктестерінің атынан Балалар аймақтық ауруханасы мен Орталық аудандық ауруханаға 2 дана концентраторлар аппаратын тапсырды. Бұл Антикордың оңтүстік кореялық серіктестерінің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрестегі екінші гуманитарлық көмегінің екенін атап өткен жөн.

Кездесу соңында Агенттік төрағасына Іле ауданы сервистік әкімдігінің жұмысы таныстырылды, сондай-ақ қазақ қайраткерлері Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов бейнеленген парасаттылық және адалдық идеологиясын насихаттайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар көрсетілді.