Ағымдағы жылы 1 маусымда Энергетика министрі Н.А. Ноғаевтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтің, сондай-ақ Министрлік басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды талқылау бойынша мәжіліс өтті.
Мәжілісте Министр Н.А. Ноғаев басшылардың бағыныстыларының жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институтының өзектілігін атап өтіп, Министрліктің басшы құрамын орталық аппаратта және оған қарасты барлық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.
О.А. Бектенов өз сөзінде энергетика саласы ел экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылатынын атап өтті.
«…Мұнда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы кәсіпкерлік белсенділікке, мемлекеттің өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне, табиғи ресурстарды ұтымды және ұқыпты пайдалануға айтарлықтай әсер етеді», — деп атап өтті О.А. Бектенов.
Сондай-ақ мәжіліс барысында Министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының нәтижелері қаралды, ол туралы Агентіктің Превенция департаменті басшысы А.Қ. Жарова баяндады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сондай-ақ мүдделер қақтығысының болуына, алқалы органдар қызметіндегі ашықтық пен айқындық қағидаттарының сақталмауына, Министрліктің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық олқылықтар мен кемшіліктерге байланысты.
Сыртқы талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Оларды жою жөніндегі жоспарлар келісілді.