Сыбайлас жемқорлықпен — қоғам болып күрессек жеңеміз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» Жолдауында еліміздің дамуының  негізгі бағыттарын белгілеп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысының айтуынша алдағы өзгерістердің басты мақсаты – заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

19 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатып, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға қатысты берілген тапсырмаларды тезірек заң жүзінде іске асырудың қажет екендігін айтқан болатын.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу тек қана құқық органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың міндеті және бұл бүкіл халықтық іс екендігін атап айтқан болатын.

Бұл тұрғыда, жоғарыда аталған Заңның 22-бабында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізуге міндетті екендігі көрсетілсе, 23-бабында жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы. Яғни жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай шаралар қолданатындығы көрсетілген:

      1) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;

      7) бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.

Жалпы, бүгінгі күннің күрделі мәселесімен қоғам болып күрескенде ғана, бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.