Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды мәселелердің қатарында.
Жастар арасында салауатты өмір салты — оқу, спортпен шұғылдандыру, қоғамдық пайдалы еңбекке баулу, жастардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы ғана қалыптастырылады.
Жастардың өзін — өзі жалғыз сезінуі, үнемі телефонға үңіліп жалғыз қалуы жастар арасында өз-өзіне қол сұғу әрекеттеріне жиі әкеліп соғады.
Ғаламторда ұзақ отыру арқылы жастар шынайы өмірін виртуалды өмірмен алмастыра бастайды – мұндай уақыт өткізу созылып кетеді. Далаға шығып қыдырып келудің немесе спортпен айналысудың орнына жастар уақытының көбін желілердегі бөтен біреулердің профилдерін, суреттерін қараумен өткізеді.
Өмірдің дәмін татып көрмеген жастарға әлеуметтік желілер өзіне деген сенімсіздікті және біреудің әдемі өміріне деген қызғаныш сезімін оятады. Соңында бұл өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соғады.
Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды.
Елбасымыз айтқандай, жасөспірімдер бойында өмірге қажет қасиеттерді көбірек сіңірсе, соншалықты олардың психологиялық қорғанышы күшті, әрі суицидке қарсы тосқауылы берік болады деп сенуге болады.
Сондай-ақ, қазақта «Баланы жетіге келгенше тыйма, жеті жастан бастап құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» сонда ғана тіршіліктен түңілетін жеткіншектердің саны азаяды.