Салауатты өмір салтын қалыптастырудың гигиеналық негіздері

Гигиена – аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді.

Қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адам өмірі мен еңбегіне ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындарды сауықтыруға, ауру мен өлім деңгейін төмендетуге, өмірді ұзартуға, жұмысқа деген қабілеттін және т.б. жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шараларды ұсынады.

Гигиенаның басты мақсаты – қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (бірінші) профилактиканы өткізу, яғни адамға деген қолайсыз әсерлерді алдын алу.

Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, коммунальдық, балалар жас өспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы т.б. гигиенаның бөлімдерінің мақсаты болып табылады.

Адам денсаулығы бір-бірімен байланысты табиғи және әлеуметтік – экономикалық факторлардың әсерлері қалыптасады. Бұған жататындар: ауа, су, жер, климат факторлары, еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, тұрмыс жағдайы және т.б.

Адам денсаулығын айқындайтын өзекті фактор – ол оның өмір сүру салтының сипаты. Оңтайлы еңбек пен демалыс тәртібі, тиімді тағам, дене белсенділігін қажетті деңгейде ұстау, шынығу, жеке бас гигиенасын қадағалау зиянды дағдылардан (темекі, арақ т.б.) бас тарту, ашу- тартыс сәттерінде сабырлылық сақтау, мұның бәрі осы ұғымға енеді.

Жеке бас гигиенасы, оны қадағалау тәртібі.

Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.

Тән гигиенасы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі организмнің қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді.

Қол кірлегенде, оның терісінде бактериялар көбейеді, ішек инфекциясы, құрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады, жұқпалы аурулардың таралуында қол кірінің қаншалықты рол атқаратыны көпшілікке белгілі.

Қолдағы барлық микробтардың 90 % тырнақ астында орналасады және оларды тек шеткамен ғана тазартуға болатынын ескерту керек.