Президент тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресте 5 бағытты аттап өтті. Оның екінші бағыты: Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Күнделікті өмірде жемқорлық жағдайларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі,  әділдіктің бар екеніне сенбейді.

Пандемиямен жалпы ұлттық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қаншалықты арсыз болуы керек?

Мысалы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды блок бекеттен өткізу үшін үнемі пара алып отырған.

Мұндай деректер бірнеше өңірде байқалды. Тіпті, барлық жерде осылай болған шығар деп ойлаймын.

Азаматтарымыз тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырған кезде сіз бен біздің істеп жатқан жұмысымыздың еш тиімділігі болмайды. Ешқандай халықаралық рейтингтің де керегі болмай қалатыны түсінікті.

Түрлі тарту-таралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу – келмеске кетуі керек.

Бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажет.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуі керек деп тапсырма берді  — Мемлекет басшысы.