Президент Жолдауына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнамалар түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков облыстық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті.

 Шара Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бастамалар мен жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобаларды талқылаудан басталды.

Н.Қасымбеков ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ашық болуға, тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, мұқтаждықтарын тыңдауға шақырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтарға сәйкес, басшыларға бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу міндеті енгізілгені туралы айтылды.

Одан бөлек Департамент өкілі ұжымда парасаттылық, адалдық құндылықтарын қалыптастыру жайын сөз етіп, қарғыс емес, алғыс алатын салада жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, кездесуде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы талқыланып, қатысушылар жемқорлықтың алдын алуда белсенділік танытуға шақырылды.   Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласа алады, мамандар кеңес беріп, шағымдарды қабылдайды