Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев: «Полиция тәртіп сақшысы екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдей білуге тиіс».
Ағымдағы жылы 29 қазан күні Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Маңызды шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қатысқан болатын.
Жиында 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстар мен Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралған.
Сондай-ақ алқа мәжілісінде мемлекет басшысы «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын негізге алу керектігін атап өткен еді. Яғни мемлекет басшысының құрылымдық өзгерістер жайы мен тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов бүгін Абай және Әл-Фараби аудандары Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесті.
Жиынды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алқа мәжілісіндегі сөзінен бастаған Ералы Жұмаханбетов арнайы баяндама оқыды.
«Учаскелік инспектор – белгілі бір аумақтағы қылмысты болдырмауда, жергілікті халықтың мәселелерін шешуде, қылмыстың тікелей немесе жанама түрде алдын алуда, азаматтардың өмір сапасын арттыруда басты тұлға саналады. Халықпен ашық диалог жүргізу керек. Олардың жергілікті полициядан не күтетінін біліп, көмек керек кезінде қастарынан табылуы қажет.Отандастарымыздың сеніміне басқаша ие болу мүмкін емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондықтан халықпен өзара кері байланысты нығайту мақсатында өзім жергілікті тұрғындармен тұрақты кездесулер ұйымдастырып келемін. Олардың мұң-мұқтажын, өзекті мәселерін таңдаймын. Біздің жұмыс көрсеткішімізді – халық бағалайды. Халықтан қашпаңыздар, керісінше тыңдап – заң аясында шешу қажет» — деді Ералы Жұмаханбетов.
Сондай-ақ Президент алдағы 3 жылда полицейлердің еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма бергені тәртіп сақшыларының жұмысына деген қамқорлықты көрсетсе керек.
COVID-19 пандемиясы кезінде полиция қызметкерлерінің ерекше еңбегін атап өткен Президент дәрігерлермен қатар майданның алғы шебінде тұрған полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
«Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бізге үлкен жауапкершілік жүктейтінін жадымыздан шығармауымыз қажет»,-деді Ералы Мұсаәліұлы.
Сөз соңында Шымкенттің бас полицейі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бар күш-жігерді салуға шақырды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми сайты