Парасатты ұрпақ-мемлекет дамуының кепілі

Кез-келген қоғам мен мелекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуын кері тартатын құбылыс ол- сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің бәсекеге қабілетілігін төмендетіп, демократиялық дамуды тежейді. Азаматтардың қоғамға деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық.
Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты. Бұл бағытты жүзеге асыру бойынша елімізде құқықтық реформалар жасалып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жж арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жүзеге асуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында: «Аса маңызды міндет-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» деп атап көрсетті. Осы орайда 2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпақ» жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды жастарды тәрбиелеу. Себебі әрбір мемлекетте жастар мемлекетті дамытушы үлкен қозғаушы күш.
Мемлекетті көркейтіп, ұлтты өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты міндеті. Өйткені мемлекеттік даму ұрпақтар сабақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек».
Осы орайда өлкеміздегі ең үлкен, 80-жылға жуық тарихы бар, бүгінгі таңда 25000 аса жастардың басын құрап отырған қара щаңырақ- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде де «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Оқу орнын тәртіп пен мәдениеттің, жауапкершілік пен жасампаздықтың түйіскен алаңына айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қолайлы себептер мен жағдайларды уақытылы жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу, жоғары моральдық құндылықтарға ие, жауапты, ынталы және әлеуметтік-құзыретті азамат пен өз елінің патриотын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орандармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету және әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында «Парасат» басқармасы құрылды.
Басқарманың қызметі «Саналы ұрпақ» жобасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім берудің ашықтығы, академиялық адалдық, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобы құрылды, Әдеп жөніндегі кеңес, «Сыбайлас жемқорлық пен құқыбұзушылықтың алдын алу Кеңесі» құрылды.
Басқарма «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық Кеңсесінің, «Шымкент-Адалдық алаңы» және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен, БАҚ және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізуді іске асыру жұмыстарымен қатар, өлкеміздегі басқа да жоғары оқу орындары, колледждерге әдістемелік көмектер көрсетуде.
Қазіргі әлеуметтік ахуал-ғаламдық пандемия кезінде де М.Әуезов атындағы ОҚМУда парасаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қашықтықтан білім алушылардың ағымдық бақылау жұмыстарының, аралық бақылау жұмыстарының жария және әділетті жүргізілуін ұйымдастыруда. Емтиханды онлайн тапсыру кезіндегі ашықтықты бақылау мақсатында 50 белсенді студенттерден құрылған комиссия жұмысын үйлестіруде.
Оқу орнында парасаттылықты қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар, алға қойған мақсаттар және тәжірибелерімен бөлісу үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қалалық департаментімен бірге вебинарға бастамашы болуда.
Жалпы алғанда, дамыған 30 мемлекетке ұлт болып ұйысып жету әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды» дегендей, сыбайластықтан таза, әділетті әрі парасатты ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі аға буынның міндеті.
Әл-Фараби «Ба¬қыттың мәні-парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақ¬сат қоя білуінде, ол мақ¬сат¬пен кездейсоқ рақат үшін емес, адам-ның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, із¬гілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің ма¬ғынасын ашып айтқан. Парасаттылық-барлық адамзаттың бойын¬да міндетті қолданылатын қа-сиет¬тердің бірі болуы керек.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанындағы Ақпараттық – ағартушылық Штабының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Әлеуметтік және Тәрбие ісі жөніндегі» проректоры Мажинбеков С.А.