НҰРЛЫ ЖЕРДІҢ АЯСЫНДА НҰРЛАНУДА

Шымкентте биыл 9 айда 20 тұрғын үй пайдалунуға берілді. Бұл жылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған екен. Салада негізінен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына басымдық берілуде. Сонымен қатар, су жаңа ықшамаудандарды абаттандыру жұмыстарына да көңіл бөлінуде. Жыл соңына дейін Шымкент сити қалашығындағы 39 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен еліміздегі үшінші мегаполисте 92 үйдің құрылысы іске асырылуда. 9 айдаң ішінде оның, 20 үйі пайдалануға тапсырылды. Олар Әкімшілік-іскерлік орталығында 528 пәтерлік 8 тұрғын үй, «Шымкент сити» шағынауданында 888 пәтерлі 12 тұрғын үй. Ал, жыл соңына дейін Шымкент ситидегі 160 пәтерлі 4 үй мен «Тұран» шағынауданында 1708 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Алтынбек Үсенбеков  – мердігер мекеме өкілі

Жыл қорытындысымен 3284 отбасы өз баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде. Құрылыс басқармасы мамандарының айтуынша, 9 айда атқарылған жұмыстар, өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өсім 118  пайызды құрады дейді. Ал, абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан Шымкент сити қалашығындағы 39 үй ауласы соңғы үлгімен салынған.

Нұрсұлтан Ерханов – учаске бастығы 

Бұл жұмыстарға бас-аяғы 1 млрд, 199 мил теңге бөлінген екен. Жасыл желекті егіп ғана қоймай оны тапсырғанға дейін өз еріктерімен күтіп баптап жатқан мердігер мекеме өкілдері жаңа қалашықтағы 39 үйдің 100 пайыз кәріз, жарық, жылу, су жүйелеріне қосылғандығын жеткізді. Бұйырса, қарашаның соңында халық игілігіне тапсыру межесі тұр.

Г.Асқарқызы