НАУҚАСТЫ ОҚШАУЛАУ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ

Ислам – адам баласының өміріне, денсаулығына, сеніміне, отбасына және абыройына қасиетті, ең құнды дүние ретінде қарайтын дін. Алла тағала Құран кәрімде: «…өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп қатерге салмаңдар…», дейді. Яғни бұл «Бақара» сүресінің 195-аятының бір бөлігі. Мағынасы өкініші бар қатерден қайтаруды және денсаулыққа қауіп төндіретін, жұқпалы кесірі бар аурулардың таралуының алдын алуды білдіреді. Хадис шәріпте Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандарға зиян көруден және өзгелерге зиян келтіруден сақтануды ескерткен.

Жалпы, шариғат талаптарына сәйкес науқасты оқшаулау яғни, карантинде ұстау, оқшаулау – Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болып есептеледі. Осыған орай айтылған хадис шәріпте: «Алапес ауыруына шалдыққан адамнан арыстаннан қашқандай, қаш!» — делінген (Бұхари, Муслим). Осы орайда Қазақ халқының біртуар зиялы қауым өкілдері тарапынан да жұқпалы індетке байланысты ой-тұжырымдарын назарға салуды жөн санаймын. Алашорда қайраткері, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың әкесі Ахмет Мамытұлының мына насихатына назар аудару қажет: «…қысқаша болса да, микробтарға қарсы сақтықтар туралы жазып өтейік. Білім жолында микробтарды өткізбей қырып тастайтын жолдар көп. Бірақ оларды қолдану, істеу кез келген қара шаруалардың қолдарынан келмейді. Жалғыз-ақ келетін нәрсе – тазалық, сақтық.

Қорытындылай келе айтарымыз, адамзаттың өмір сүру салты үшін арналған Ислам шариғаты – түрлі сырқаттан сақтану жолдарын қарастырады. Жұқпалы індет өршіп тұрғын сәтте карантин талаптарына бағынып, денсаулықты сақтау жолдарын қарастыру қажет. ақпарат көзі http://haqjoly.kz/

Бақдәулет АБДРАХМАНОВ, Шымкент қаласының бас имамы