Мәуліт айының құрметіне Шымкентте «Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат» атты рухани шара өтті

Шымкент орталық мешіті мен «Әжелер» мектебінің мүшелері Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған Мәуліт айының құрметіне «Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат» атты рухани шара ұйымдастырды.

Шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Ахметжан Пірәліұлы арнайы жеткізіп, дұға жасап, игі істеріне берекет тіледі. Рухани шара барысында орталық мешіттің ұстазы Нұрсұлтан қари Мәметалиев әсерлі уағыз айтса, ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев хұтба оқыды.

Шараның өтуіне қаржылай қолдау көрсеткен «Әжелер» мектебінің мүшелері мен ерікті топ мүшелеріне өкілдік тарапынан арнайы алғыс хат табысталды.