МҰНАЙБАРЛАУШЫЛАР КӨШЕСІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтардағы тұрғындардың қысқы жылу маусымына дайындығы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Еңбекші ауданы əкімдігі мен «РЦКУ ШЫМКЕНТ» ЖШС мамандары бірлесіп, шалғайдағы елдімекен тұрғындарының қысқы маусымға дайындығын пысықтады.

Тоғыс тұрғын алабы Мұнайбарлаушылар көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлерде газдан улану, өрт қауіпсіздігін алдын алу, мұржаларды тазалау ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалпы барлық аудан бойынша бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы