Шымкент қаласының Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тармағының 6 тармағына сәйкес «Мінез құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында семинар өтті.
Онлайн форматта өткізілген семинарға департамент басшысының орынбасары, мемлекеттік және келісім-шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы қатысты.
Жиын барысында сыбайлас-жемқорлықтың алдын-алу мен күресу шаралары туралы дәрістер оқылып, пікірлер алмасып, талқылаулар жүргізілді.