МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелерінің кезекті кездесуі қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында өтті.

Кездесу барысында  Штабтың қоғам алдындағы маңыздылығы айтылып, басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға, парасаттылыққа, адалдыққа, әділдік пен патриотизмге тәрбиелеуге шақырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші болу зор жауапкершілікті, абыройлы міндетті жүктейтіндігі де сөз етілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, парасаттылық мәдениет қалыптастыру бағытындағы жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі де қатысып, Агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып отырған жұмыстармен таныстырды.

Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.