КӨНЕ ШАҺАР ҚЫТАЙ ЖАЗБАСЫНДА КЕЗДЕСЕДІ

Шымкенттегі ескі қалашық қамалын қайта жаңғырту жұмыстарымен қатар қырғы базарды шығыс стиліне көшіру жұмыстары да жүріп жатыр. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені тарихшылардың келтірген дәлеліне жүгінер болсақ көне шаһар Ұлы жібек Жолы бойындағы сау-сатығы дамыған қалалар ретінде Қытай жазбасында кездеседі екен. Сондықтан сауда орталығы «Ескі қалашық» кешенінің бір құрамдас бөлігі ретінде дамымақшы.Заман талабынасай қайта құрылымдау кезең-кезеңімен жүргізіледі деп жоспарлануда.

Ұлы Жібек жолы десе көз алдымызға қымбат жүк тиеген керуен, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен көпестер мен алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын саудагерлер елестейді. Жалпы ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен. 

Момбек Әбдіәкімұлы  –  тарихшы

Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсері болған, теңдесі жоқ сауда бағыты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен. Бұл Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласында айтылған жібек жолындағы көне керуен жүріп өткен  мәңгілік жасыл қаладағы сауда қатары да заман талабына сай болуы керек, дейді мамандар.

Шалқар Досжан –  Базар басшысы

Ескі қалашық  маңында жүргізілген кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары  көне шаһардың тарихының тереңде жатқанын ғылыми түрде дәлелдеді. Бұл еліміздегі этно туризмнің дамуына негіз  болмақ.  Цитаделге жылына  250 000 мыңнан астам  турист келеді деп күтілуде. Әлем кезген саяхатшылар  «Ескіқалашық» кешенін тамашалай жүріп, сонда орналасатын ортағасырлар стиліндегі қонақүй мен асханалар қызметін пайдаланып, «Шығыс базарына» жалғасатын туристік соқпақпен серуендеу мүмкіндіктері қаралмақшы. ның ең негізгі тармағы болмақ.