КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Көкбұлақ елдімекенін инфрақұрылым жүйелері және интернет желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын алаптың ауыз су жүйесінің құрылысына бюджет есебінен 258,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме тарапынан қазылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Тұрғын алапты табиғи газбен қамту бойынша 2020 жылы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржы бөлінді.

Бүгінде жобалаушы мекеме «Марк Гарант» ЖШС ЖСҚ құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысына алуға ұсынған. Мемсараптама қорытындысын желтоқсан айының соңында алу жоспарлануда.

Тұрғын алапта жаңадан салынған жаңақұрылыс аумағындағы 80-ге жуық тұрғын үйді сапалы электр энергиясымен қамту мақсатында ЖСҚ дайындауға басқармаға ұсыныс берілуде.

Сонымен қатар, қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан базалық станция орнатылып, 20 желтоқсанға дейін  интернет желісі іске қосылады.

Сондвй-ақ, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 19 отбасыға демеушілердің көмегімен 48 тонна көмір берілді. Және де демеушілер тарапынан бүгінгі дейін 60-қа жуық отбасыға әлеуметтік көмектер көрсетіліп, қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.