Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев бірқатар кәсіпкерлердің басын косып жиын өткізді. Аталған шарада өзекті мәселелер талқыланып, бизнес жоспарлар таныстырылды. Сондай-ақ жиын соңында кәсіпкерлер өз жобаларын көрсетіп, меморандумға қол қойды.
Бүгінде қалада кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі шаралар өткізілуде. Әсіресе, карантин кезінде кәсібі шығынға батқандардың қатары атқан. Мәселен кейбір ірі кәсіпорындар тауарларын шетелден әкеледі. Ал бүгінгі таңда бұл қолжетімсіз болып отыр. Сол үшін Атамекен бизнес кәсіпкерлер палатасы түрлі нишалық жобалар дайындап, кәсіпкерлерді қолдауда.
Бүгінде Кәсіпкерлер Палатасы қаладағы үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлік орындарға скрининг жүргізді. Нәтижесінде 40 мыңнан астам субъектілерді анықталып, экономикалық картадағы 12 индикатор бойынша баға берілді. Бұл алдағы уақытта Шымшаһрдың даму жоспарына үлкен пайда әкелмек.
Айбек Сәттібаев-Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Сонымен қатар, шара соңында Айбек Сәттібаев қалада 5 мыңнан астам түрлі қызметтердің қажет екенін айтты. Мәселен, банкоматтар, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары, сұлулық салондары, оқу курстары. Әсіресе Сәуле және Достық сияқты шағын аудандарда шағын бизнес сұранысқа ие.
Айдана Қуанышқызы