Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы Басқармасының Төрағасы Алтай Әбибуллаев пен Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – Орталық пен Назарбаев Университеті арасында бірлескен іс-шаралар өткізу, диалогтық алаңдар мен дінаралық, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған дискуссиялық алаңдар ашу, діни дәрістер, діни көшбасшылардың, көрнекті мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдардың, орталық өкілдерінің қатысуымен тұлғалық дәрістер мен сараптамалық кездесулер өткізу.

Тараптар серіктестік қатынастарды дамытуға, конфессияаралық және этносаралық келісімнің, толеранттылықтың, үйлесім мен бейбітшіліктің қазақстандық бірегей моделін ілгерілетуге бағытталған перспективалық жобаларды іске асыруда ақпараттық қолдау көрсетуге бар күш салуға дайын.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі  Н.Назарбаев орталығының миссиясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын ілгерілету, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде танымал ету, халықаралық диалогты ілгерілету бойынша жаңа бастамаларды дамыту.