ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР САНЫ АЗАЮДА

Шымкент қаласында биыл 13 000-ға жуық жас жұмысқа орналасқан. Бұл – мемлекеттік, «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Студенттік құрылыс жасағы» бағдарламалары арқылы іске асқан. Жыл аяқталар тұста көрсеткіш артуы да мүмкін. Себебі, жастар ресурстық орталығы жұмыссыз жастармен тығыз байланыс орнатқан. Бұдан бөлек, істі болған жастардың мәселесін де оң жолға қойып келеді. Олар үшін арнайы ккшенді шаралар жүргізілуде.

Жастар орталығында мобильді топ құрылған. Оның қызметі бос жұмыс орындарын қарастырып, екі қолға бір күрек таппай жүрген жастарды қызметке орналастыру. Қазіргі таңда айына 20-25 жас уақытша және тұрақты жұмыс тапқан. Студенттік құрылыс жасағы кезінде бұл көрсеткіш тіпті 150 бос кадрмен қамтылған.

Жұлдыз Балтабаева – «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары

Біз түрлі мекемелермен байланыс орнатамыз. Оларға қандай мамандар тапшы екенін анықтаймыз. Тиісінше солжұмыс орындарын жастарға хабарлаймыз. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтарымен жиі байланысқа шығамыз. Соныңнәтижесінде жұмыссыз жастар саны азайып, жұмыспен қамтылған жастар саны арты келеді.

Кезінде істі болған жастар да қоғамнан шет шет қалмайды. Бүгінде оларды жұмыспен қамту қарқынды жүзеге асуда. Оларға мемлекеттік бағдарламалар да қолжетімді болуы тиіс. Осыны ескерген орталық пробация есебіндегі жастарды кәсіпке тарту мақсатында жиі трейнинг өткізеді. Арнайы кеңес бірқатар әлеуметтік түйткілдерді шешуге бағытталған.

Дінмұхаммед Қанатұлы —«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Бұл іс-шараның мақсаты пробация есебіндегі жастарды, жалғызбасты аналарды жұмыспен қамту. Олардың өмірден өз орнын табу. Шара барысында оларға түрлі кеңестер беріледі. Оларды кәсіпке тартып, қоғаммен арласуына жағдай жасау.

Бүгінде пробация есебінде 600-ге жуық жас бар. Жиын барысында бұрын істі болған азаматтар әлеуметтік және қаржы ұйымдарының мамандарымен кеңесті. Сотталған азаматтардың қандай мүмкіндіктері бар? Кәсіп ашу үшін әуелі не істеу керек? Өзекті мәселелерін бүге-шігесіне дейін сұрап, білді. Мамандар осы орайда игі бастамадан үлкен жетістіктер күтеді. 

Д.Өмірзақова