ЖАСТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУ КЕРЕК

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Жанар Бектаева этно-мәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті. Басқосуда Елбасы төрағалығымен өткен Қазақстан Халқы Ассамблея Кеңесінің отырысында айтылған тақырыптар талқыланды. Өз ойларын ортаға салған этнос өкілдері өзгелерді ұлтаралық татулық пен бірлікті бекемдету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Қаладағы этно-мәдени бірлестік жетекшілерімен танысқан Жанар Бектаева бірден өзекті тақырыптарды талқылауға көшті. Алдымен қоғам  құндылықтарының аясына өзге ұлт өкілдерін топтастыру мәселесі, қазақ тілінің ұлт аралық қатынас тілі ретінде қалыптасуына ықпал жасау, этнос өкілдері тұратын елді мекендерде ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуі сөз болды. Сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблея Кеңесінің отырысында айтылған тақырыптардың бірі өзге ұлт өкілдерін қазақстандық қоғамға кіріктіру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Жанар Бектаева – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы                 

Қаланың әлеуметтік экономикалық,қоғамдық саяси өміріне өзге ұлт өкілдерін белсене атсалысуға шақырған Жанар Бектаева жоспардағы жобалардың жүзеге асуына көбінде жастарды тарту керектігін айтты.

Жанар Бектаева – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы               

Қазіргі таңда қалада 15 этно-мәдени бірлестік бар. Олардың 12-і мемлекеттік акридиттеуден өткен. Өзге ұлт өкілдері бүгінде үшінші мегаполис  халқының 35 пайызын құрап отыр.

Г.Асқарқызы