ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТЕН ЗЕКЕТ БЕРУ ҮКІМІ

Мұсылман адамның тұрған үйі, үстіндегі киімі, үй жиһаздары, мінетін көлігі, қызметкері және пайдаланатын құрал-саймандары үшін зекет берілмейді.

Біреудің бірнеше үйі болып жалға беріп табыс тапса, (сол табысы нисап мөлшеріне жетсе) одан зекет береді[3].  

Жер телімдер, ғимараттар, құрылыс нысандары жəне өзге де жылжымайтын мүліктер табыс көзі ретінде жалға берілмейінше зекеті берілмейді.  

ҮКІМ 1. Тұрғын үй қанша үлкен болса да, одан зекет берілмейді.  

2. Жылжымайтын мүлік ешқандай табыс көзі ретінде пайдаланылмаса, зекеті берілмейді.  

3. Жылжитын және жылжымайтын мүлік жалға беріліп, нисап мөлшеріне жететін көлемде табыс тапса, зекеті беріледі.  

4. Жылжымайтын мүлік сатылса және сол қаржы бір жыл қолда болса, одан зекет беріледі.   5. Жылжитын және жылжымайтын мүлік сауда мақсатында алынып, бір жыл айналымда болса, зекеті беріледі. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=985