ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ: 1 КЕЗЕҢ БОЙЫНША ЖОСПАРЛАНҒАН ЖҰМЫСТЫҢ 20 ПАЙЫЗЫ ОРЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылыс жұмыстары 15 қазаннан басталған болатын. Жоба 3 кезеңнен тұрады.

Қазіргі таңда 1 кезең бойынша жоспарланған жұмыстың 20 пайызы (550 млн. теңге) орындалды. 500 метр (барлығы 2200 м) су және газ құбырларының орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жоспарланған 105 темірбетонды қадалардың 39-ы бетоннан құйылды. Сондай-ақ, 4200 м 3 тоннель қазу жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар уақытша жоғары вольтты электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі