Жемқорлық індет, оған қарсы күрес — мерейлі міндет!

Биылғы мемлекеттік маңызға ие құжатта, яғни, Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында» Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік – экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтындығын атап өтті.

         Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңына орай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты түрде ішкі талдаулар жүргізілуде. Орталықта жүйке-жүйе аурулары бар І және ІІ топ мүгедек азаматтарға 8 сала бойынша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда:

  1. Әлеуметтік — тұрмыстық қызмет;
  2. Әлеуметтік — медициналық қызмет;
  3. Әлеуметтік — психологиялық қызмет;
  4. Әлеуметтік — педагогикалық қызмет;
  5. Әлеуметтік — еңбек қызмет;
  6. Әлеуметтік — мәдени қызмет;
  7. Әлеуметтік — экономикалық қызмет;
  8. Әлеуметтік — құқықтық қызмет.

           Орталықта бұл қызметтерді атқаруға үй жағдайына барынша жақындатылған, қолайлы мүмкіндіктер жасалған. Орталықта тұрмыстық,  әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері, сондай-ақ, сенсорлық бөлме, дефектолог пен еңбек қызметін көрсету, емдік дене шынықтыру т.б. бөлмелері бүгінгі уақыт талабына сай безендіріліп, арнайы жабдықталған. Мұндағы жандар арнайы түзілген кесте бойынша тамақтанып, ем қабылдайды және дене шынықтырумен шұғылданып, бойындағы бейіндеріне қарай    еңбекпен емдеу  терапиясы бойынша жиһаздарды жөндеу, гүлдерге күтім жасау, кесте тоқу, тәтті тағам пісіру  және т.б.   пайдалы жұмыстармен айналысады.

         Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әр тоқсан сайын осы індетке қарсы атқарылған жұмыстар ұжым мүшелеріне жан-жақты таныстырылады. Осы өзекті мәселеге қарсы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліліп, еңбек ұжымында өзара ашық пікір алмасуларда өзінің оң нәтижесін беруде. Бұл жағымсыз әрекеттерді алдын алу және болдырмау үшін арнайы үгіт — насихат материалдары да көрнекі жерге ілініп, сенім телефон нөмірі де жазулы тұр.

         Орталықтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу комиссия мүшелері де өздеріне жүктелген  жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқаруда. Өз жұмысымызды ұтымды ұйымдастыру нәтижесінде кәсіподақ комитеті мүшелеріне ежелгі дерттің зияндылығы кеңінен түсіндірілуде. Атап айтсақ, оларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы да таныстырылып, түсіндірілді. Сонымен бірге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» атты тақырыпта баяндама оқылып, таныстырылды.

        Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні: Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес – бізге мерейлі міндет. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды жүйелі әрі тұрақты түрде одан әрі жалғастыра береміз.

         Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері  Е.У. Қожақов