Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали: әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізіп, өзімнің қатысуыммен ұжымда қаралуда.
Кезекті кездесуіміз Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерімен өтті.
Шара барысында осы Департаменттің Абай ауданы бойынша басқарма басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық істің мән-жайын талқылап, ұсыныстар енгізілді.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшыларының сыбайлас жемқорлықты алдын-алудағы жауапкершілігі қаралды.
Сонымен қатар, агенттік басшысы А.Жұмағали қала тұрғындарын жемқорлықпен күресте белсенділік көрсетуге шақырды.
Жемқорлық көріністеріне тап болсаңыздар Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырамын.