ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ОРНАТЫЛУДА

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті баспасөз турын өткізді. Бұл жолы баспасөз тур ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтің қатсуымен өтті. Іс-шараның басты мақсаты тұтынушыларға жаңадан ауысқан су құбырларын таныстыру.

Бұл су құбырларының қайта құру қажеттелігі оның толық тозуымен байланысты болып отыр.Құбыр материалдары болаттан жасалған. 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін осы су құбырында тұтынушылардың шаруашылық –ауыз суының жиі болмауына әкеп соққан 5 су құбырының жарылу фактісі орын алған.  Осы техникалық тұрғыдан тозған су құбырын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды.

Дархан Қаймбердиев–Шымкент қаласы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы

Өздеріңіз көргендей судың құбырын ауыстырып жатырмыз. Біз 5-жылға 11,5 млрд инвест бағдарлама бекіткенбіз. Былтыр 2019 жылы 5-млрд қа орындады. Биыл 2020жылы 2-млрд қа орындап жатыр. 2016-2020жылы 155км құбыр ауыстырылды. 30 км канализация құбыры ауыстырылды. Нәтижесінде тұтынушыларға сапалы су беріліп жатыр.

Жиында су құбырларын жаңартар алдында халықтың денсаулығы басты орынға қойылғаны айтылды. Алдағы уақытта су хлорланбайтын болады. Себебі су құбырлары еуропалық технологиямен жасалған. Сондықтан судың сапасына 100 пайыз кепілдік бере аламыз дейді жауаптылар.

Анарбек Орманов–Су ресурстары ЖШС директоры

Халыққа сапалы қызмет жасау үшін суды тасымалдау, оны  тазарту көп жұмысты талап етеді.  Бұл инжинерлік  құрылым өте күрделі маңызды болып саналады. Біз 15 жылдың ішінде жалпы 24 млрд инвестиция салдық

Айта кетейік орнатылған су құбырларының жарамдылық мерзімі 70жыл. Бұл еуропалық жаңа технология судың сапасын жоймайтын көрінеді.

Ө. Мырзабек