«ЖАС КӘСІПКЕР» ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА ШАРАПАТЫН ТИГІЗУДЕ

Әрекет бар жерде, берекет қашық емес. Бүгінде бизнес бастаймын дегендерге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының есігі ашық. Мұнда, жас кәсіпкерлерге жол көрсетумен қатар, қаржылық жағынан да көмек беруде. Толығырақ тілші материалында.

«Жас кәсіпкер» жобасы жастарға шарапатын тигізуде. Бүгінде  қала тұрғыны Абзал Молдағалиев осы игі бастамаға қатысып, қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.  Қазіргі таңда ол қаланың қақ ортасынан дүкен ашып,  кәсібін дөңгелетіп отыр. Аталмыш жобаға 29 жасқа дейінгі азаматтар қатысқан.

Асхат Молдағалиев-жас кәсіпкер

Кәсіпкердің айтуынша, бұл жоба әсіресе, жастарға тиімді. Өйткені, «Атамекен» бизнес кәсіпкерлер палатасы тек қаржы жағынан емес, тіпті бизнес жоспар жасауға дейін көмектеседі. Яғни кәсіп ашуды жоспарлаған азаматтарға бағыт-бағдар беретін көрінеді.

Асхат Молдағалиев-жас кәсіпкер

2019 жылдың қараша айында кәсіп бастаған дүкен иесі бүгінде мол табысқа кенеліп отыр. Және де ол қала тұрғындарын тиімді жобаға қатысуға шақырды.

Айдана Қуанышқызы