«ЖАСТАР МЕН ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ»

«Жастар мен тарих тағылымы». Осындай тақырыпта шаһардағы Silkway Халықаралық университетінде «Жастардың айтары бар» жобасы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бектаева Жанар Әлібекқызымен сұхбат өтті. Бұл жобаның басты мақсаты өзекті ақпарат пен пайдалы ойларды еркін форматта өткізу болды.

Сұхбат барысында үздіктердің ақыл-кеңесі, бағдары мен сырлары айтылды. Шешімін табуы тиіс мәселелерге атсалысып, жастар мәселесі мен қоғамдағы жаңалықтарды жастар көзқарасымен бірге талқыланды.Диплом бойынша жастардыңжұмыссыздығына және оның шешілу жолдарына баса назар аудару қажет деді,- Жанар Бектаева. Кеш қонағы үшінші мегаполистің жас өрендерін еліне адал қызмет ететін жастар қатарынан болуға шақырды. Еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке үндеді.Сұхбат барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптарды  сақтай отырып өткізілді.

Ақнұр Қуандық — Silkway Халықаралық университетінің 3-курс студенті

НазкенCкандар