Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді.
Қазіргі таңда еліміздегі кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының көз алдымызда улануы ойландыратын мәселе болып отыр.
Діни ағымдардың кейбір жастардың рухани білімге деген ынтасын теріс бағытқа, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында діни саутсыздық тудырып жатқан жағдаяттары орын алып келеді. Өркениетінің алыстығы теріс жолға түскен жастарымызды ортаға сіңімділігін төмендетіп, өз алдына орта қалыптастыруға алып келетіні сөзсіз. Сонымен қатар ол орталарда қосалқы мәдениет қалыптастыратынын да жоққа шығара алмаймыз. Бұл жерде діннің атын жамылған ағымдардың діни-психологиялық және әлеуметтік тартымдылығы өз алдына бөлек мәселе.
Психология саласының мамандары адам баласының құбылыс екендігі, кез-келген ортада психологиялық әрі әлеуметтік мәжбүрлікпен болған жағдайда, сол ортаның жалған идеяларына сіңісіп, ол идеяларды өте келе ақиқаттай көретінін алға тартады. Жастардың қай замандарда болмасын, әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқаймыз.
Көптеген қоғамға таңсық, оның тыныштығын бұзатын идеялар жастар арқылы таралатыны тарихтан белгілі. Бүгінгі күні діншілдіктің діни мәдениеттің қалыптасуы қарқынынан озып кеткенін байқаймыз. Бұл өз кезегінде радикалды идеологияның қалыптасуына ықпал етеді. Ал радикалданудың салдары жақсылыққа апармайды. Сондықтан, діндарлықтың тым жылдам өсуі қауіп-қатерлер әлеуетін арттыруы мүмкін». Өйткені дін санаға әсер ететін күш. Ал сана жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, ынта мен күш-жігерлерін арттырушы. Саналық негіз қалай қалыптасса, үйдің іргетасы секілді жастарда солай қарай бой түземек.
Өзекті мәселелердің бірі интернет мәселесі. Бұл тұрғыда интернеттегі теріс діни ағым идеологияларына шектеу қою жұмыстары жалғасып келеді. Дегенмен мемлекет интернетке мүлдем тыйым сала алмайтыны белгілі. Осыны пайдаланған теріс діни ағым менеджерлері интернеттегі жұмыстарын жалғастыратынын ескере келе, жастарға интернеттегі ақпараттардың көбісін байқап, арнайы ұстаздармен ақылдаса отырып пайдалану қажеттігін ескертеміз.
Жастарды өзгеше ойлауға жол бермеу мүмкіндіктерінің бірі, ол- спорттық және өнер орындарына тарту жұмыстары болмақ. Себебі қолы бос жастардың уақытты толтырудың ермегі әлеуметтік желілердегі теріс идеяларға байлану мен топтасу арқылы заңсыз әрекеттерге ұрыну жағдайларын туындататыны анық.
Шымкент қаласының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің психолог маманы Ахат Алдиев