«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің атқарған жұмысының нәтижесі талқыланды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаменті «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп онлайн кеңес өткізілді. Кеңес отырысына өңірлік департаменттер мен жобалық кеңселердің басшылары қатысты.

Аталған іс-шарада «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарған жұмысының қорытындысы талқыланды.

Мәселен, колледж және жоғары оқу орындарының оқушыларымен онлайн брейн-рингтер өткізіліп, 1600-ден астам студент қамтылған.

Еліміздің 12 өңірінде «Адалдық алаңы» дербес телехабарлар құрылған, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу және халық арасында парасаттылық қағидаттарының таралуы бойынша нәтижелері айтылған.

«Сапалы жол» жобасы шеңберінде 60-тан астам мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша автожол құрылысы кезінде 100-ден астам құқықбұзушылық анықталған.

Мамыр айынан бастап 42 әкімдік халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделі бойынша өз қызметін бастаған. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы айға арналған жобалық тапсырмалар таныстырылды.