Жалпы білім беретін ұйымдардағы компьютерлер саны едәуір артуда

АШЫҚТЫҚ, ЖАРИЯЛЫЛЫҚ, ӘДІЛДІК

Шымкентте 2019-2020 оқу жылының соңында жалпы білім беретін ұйымдардағы компьютерлер саны 12 974-і құраса, оның ішінде жарамдысы – 9 226.

Ағымдағы жылғы шілде айында жергілікті бюджет есебінен 2 250 000,0 мың тг. қаржыға 10 975 дана компьютер сатып алынып, жалпы компьютерлер саны 20 201-ді құрады.

Пандемияға байланысты білім беру қашықтан оқыту форматында жүргізілуде. Осыған орай, оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету мақсатында білім басқармасы тарапынан 36 355 дана компьютерлік құрылғылар сатып алынуда. Қаралған қаржы — 5 826 397,1 мың теңге.

Оның ішінде:

Үкімет қорынан — 31 160 дана. Жалпы сомасы — 4 825 833,6 мың теңге.

  • Компьютер – 3 243 дана. Бір данасы – 198 998 тг. Жалпы сомасы – 648 593,5 мың тг..
  • Ноутбук – 23 716 дана. Бір данасы – 161 588 тг. Жалпы сомасы – 3 832 221,0 мың тг.
  • Планшет – 4 201 дана. Бір данасы – 82 124 тг. Жалпы сомасы – 345 002,9 мың тг.

Жергілікті бюджет — 5 195 дана. Жалпы сомасы — 1 000 579, 6 мың тг.

  • Компьютер – 4 195 дана. Бір данасы – 199 998 тг. Жалпы сомасы – 838 991,6 мың тг.
  • Ноутбук – 1 000 дана. Бір данасы – 161 588 тг. Жалпы сомасы – 161 588,0 мың тг.

Шымкент қаласының білім беру ұйымдарын компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының шешімімен келесі жеткізушілер анықталды:

1. Компьютер — жалпы сомасы 1 189 016,3 мың. теңгеге 7 438 дана (бірлік бағасы 159 857 теңге). Өнімберуші «АТЕКО» ЖШС (отандық тауар өндіруші). Тауарды жеткізу мерзімі 25.09.2020 жыл. Бүгінгі таңға 5 150 дана компьютер жеткізілді. Толық жеткізу 2020 жылдың 24 қыркүйегіне дейін күтілуде.

2. Ноутбук — жалпы саны 23 716, жалпы сомасы 3 806 158 801,6 теңге.

Тауар жеткізуші мердігерлер:

«Фирма Казинтерсервис» ЖШС Lenovo маркалы ноутбук — 11 716 дана (бірліктің бағасы 160 990 теңге), жалпы сомасы 1 886 158,8 мың теңге. Тауарды жеткізу мерзімі 25 қыркүйек 2020 жыл.

«ISAPA» ЖШС 13 000 дана «DELL» маркалы ноутбук (бір данасы 160 000 теңге) — жалпы сомасы 2 079 999,9 мың теңге. Тауарды жеткізу мерзімі – 30.09.2020 жыл.

3. Планшет – жалпы сомасы 344 482 020,16 теңгеге 4 201 саны (бірлік бағасы 82 000 теңге). Өнімберуші «Фирма «Казинтерсервис» ЖШС. Тауарды жеткізу мерзімі 25.09.2020 жыл.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот-сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша Сот-медициналық сараптама институтымен жеткізілген тауарларды техникалық ерекшеліке сәйкестігін анықтау үшін компьютерлік-техникалық зерттеу жүргізу туралы келісім жасалды. Компьютерлер зерттеу нәтижесімен «сәйкес» деп танылды. Ноутбук зерттеуде, ал планшеттер жеткуімен зерттеуге жолданатын болады.

Ақпарат көзі Шымкент қаласы әкімдігінің сайты