Еңбекші ауданы тұрғындарының 96% сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған 4% қамту 2021-2022 жылдың жоспарына енгізілген. Ауданда жыл соңына дейін Бадам-1,2 тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Ал, Абдуллабад тұрғын алабында ауыз су жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысын желтоқсан айының 15-не дейін аяқтау жоспарланған.
Халықты мемлекеттік жүйедегі табиғи газбен қамту 87,7% -ды құрап отыр. Ал, жекеменшіктегі газ 2023 жылға дейін толық мемлекеттік жүйеге өткізіледі. Қазір Бадам тұрғын алабындағы 331 абонентті газбен қамтамасыз ету үшін құрылысына бастапқы 50 млн теңге қаржы бөлініп, ішкі орамға газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 2021 жылға өтпелі. Дегенмен алдағы 3 жылда халықты газбен қамту үбегейлі шешіледі, деді ауан әкімі.Ал, жұмыспен қамту жол картасы аясында Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алаптарын электр жүйесімен қамтылады. Қазір бастапқы қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықталған.
Ғалымжан Ильясов – Еңбекші ауданының әкімі Еңбекші ауданы әкімдігінде жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының қызметшілері ИЧ 167/11 тергеу изоляторы жұмысымен танысқан.
Ауданда санитарлық тазалық жұмыстары көпқабатты секторда аптасына 4 рет, ал жеке секторда 2 рет жүргізілуде. Тұрғындарға күл-қоқыстарды рұқсат етілмеген орындарға тастамау жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Ғалымжан Ильясов – Еңбекші ауданының әкіміАудан әкімі өз баяндамасында тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту жөнінде де айтып өтті. Биыл Мирас, Шапағат-2, Ұлағат шағынаударында кәріз жүйесінің құрылысы басталып, 2021 жылы пайдалануға беріледі. Солтүстік-шығыс шағын ауданына жобалық сметалық құжат әзірленіп, келер жылы құрылысқа бюджеттік өтінім берілген.
Еңбекші ауданында жиырма мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 27-сі ірі, 116-орта, 5 861-і шағын және 13 143 ұсақ кәсіпкерлік иеліктер. Олардан келіп түсетін салық арқылы ауданның бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып келеді.
Д.Өмірзақова