«БАБАЛАР ҮНІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкентте «Бабалар Үні» байқауы өтті. Шараның өтуіне Қазақстан халқы ассамблеясы ұйытқы болды. Сайыста мектеп оқушылары эпостық жырларды мәнерлеп оқудан бақ сынасты. Мақсат — ортақ, мүдде бір — «Қазақтану» жобасын іске асыру.

Аталған шара  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Байқауға тек мектеп оқушылары ғана емес, мұғалімдер де ат салысты. Сайысқа қатысушылар ұлттық киімі үлгісінде халық ауыз әдебиетінен сыр шертті.

Әсел Темірбаева – қазылар алқасының мүшесі

Додаға түрлі этнос өкілдері қатысты. Солардың бірі — Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Навруза Мирзаюсупқызы.Ұлты тәжік болса да жүрегі қазақ деп соққан азаматша ұлттық салт пен дәстүрді жадына тоқыған.  Бүгінгі сайыста оңайлықпен бәсті бермеймін, деп отыр.

Навруза Мирзаюсупқызы – байқауға қатысушы

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде үміткердің эпосты орындау шеберлігіне, шығарманы таңдау талғамына, дауыс ырғағына мән берді. Сонымен қататр, сахнада өзін ұстау мәдениетіне де назар аударды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық және алғыс хаттарға ие болды.

Ернұр Бөбеев