Аудан әкімдігінің қызметшілері, полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімімен бірлесіп сауда орталықтары, дүкендер мен адам көп шоғырланатын орындарға мониторинг жұмысын жүргізді.
Нәтижесінде К.Тленшин көшесінде орналасқан «Olja», Елшібек батыр көшесіндегі «Garden Challet» және Қапал батыр көшесінде орналасқан «Dunyo» мейрамханасында үлкен іс-шара өтіп жатқанын анықтап, иелеріне айыппұл салынды.
Карантин талабын елемей жұмысын жалғастырған тек мейрамханалар емес арасында ойынхана да бар. Арнайы топ өкілдері жұмысына тыйым салынған «LOTO CLUB» ойынханасы сағат 22:00 шамасында жұмыс істеп тұрғанын анықтады.
Ойынхана әкімшісінен тиісті түсініктеме алынып, құжаттар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жолданды.
Аудан әкімдігі тұрғындардан COVID-19 таралу қаупі жоғары болғандықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтауға және қоғамдық орындарда маска тағуға шақырады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі