Еңбектің көзін тапсаң, байлықтың өзін табарсың

Шуақты қалада жылыжайлардың саны көбейеді. Апта басында Абай ауданында аумағы 136 гектарды құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағының құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты.

Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда, І-кезеңде 2020-2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады.

9,4 млрд теңгені құрайтын бұл жобаны «Taza Onim» ШҚ, «AIDI Agro Trade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «ASM Corporation» ЖШС, «High Yield» ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «Каз Агро Трэйд» ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС секілді инвесторлар жүзеге асырады.

Ал ІІ-кезеңде 2022-2025 жылдар аралығында 60 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіледі. Онда 20 жоба жүзеге асырылатын болады. Жобаның жалпы құны – 21,0 млрд теңге.
Аталған жылыжай кешендері толығымен іске қосылғанда бір мыңнан аса адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.

Ақпарат көзі Шымкент келбеті газеті