Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттер мен мақсаттарға жетудің бірден бір кепілі.

Салауатты өмір салтының негізгі бір бағыты – күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Өз  уақытын тиімді пайдаланып, әр ісін жоспарлай білетін адам үлкен жетістіктерге жететіні хақ.

Бірақ ісін күнделікті қадағалап, уақытын орынды пайдалану кез-келген адамның қолынан келмейді. Ол үшін адамға үлкен шыдамдылық, мықты ерік-жігер қажет.

Балаңыз болашақта өзбетімен шешім қабылдауға қабілетті, биік белестерді бағындыра алатын тұлға болып қалыптассын десеңіз, қазірден бастап күн тәртібін жоспарлауға үйретіңіз.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі балаңыздың бойына жоғарыдағы қасиеттерді сіңіріп қана қоймайды, сонымен бірге физиологиялық тұрғыдан да дұрыс қалыптасуына оң әсер береді.

Күн тәртібін дұрыс қолдану дағдылықты, жүктемені дұрыс бөлуге, бос уақытты дұрыс пайдалануға әкеледі. Дұрыс күн тәртібі жүйке жүйесін күйзелуден, шаршаудан, тұйыққа тірелуден сақтайды.

Дұрыс қарастырылған күн тәртібі тек ағзаны жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар еркіндікке тәрбиелейді, өмірлік тонусты, жұмысқа қабілеттілігінді арттырады.

Күн тәртібін құрастыру келесі кезендерден тұрады:  

А) дұрыс ұйықтау мен демалуды қалыптастыру.

Б) қысқа уақытты таңғы жаттығу және сумен шынықтыру.

В) қалыпты тағамды қабылдау.

Г) күнделікті серуен.

Д) физикалық жаттығуларға, жүгіруге, шынығу жаттығуларына арнайы уақыт бөлу.

Е) демалыс және жұмыс күндерді тиімді тынығуды ұйымдастыру.

Егер біз күн тәртібі өте пайдалы болуы қажет десек, онда оны күнделікті орындауға, өмір салтына дағдыға айналдыруымыз керек.