Дін саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің мәліметінше 2020 жылдың  ІІ тоқсанында дін саласында 41 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 21 іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 489 баптары бойынша жауапкершілікке тартылған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489 бабында Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру заңмен жауаптылық көзделген.

Аталған баптың 9 тармағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау — бір жүз айлық есептiк көрсеткiш (265 100 теңге)  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 10 тармағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу –  елу айлық есептiк көрсеткiш (132 550 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп көрсетілген.

11 тармағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш (530 200 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.