Дін саласындағы тұжырымдама ел дамуына қызмет етуде

Қазақстан Республикасының «Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітіліп,  орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар тарапынан Жоспарды іске асыру мақсатында арнайы жоспар құрылып, біршама жұмыстар атқарылуда.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттары: зайырлылық тетіктерін нығайту арқылы ел қауіпсіздігін сақтау. Сонымен қатар, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, білім беру жүйесіндегі, мәдениет саласындағы, діни бірелстіктермен өзара іс-қимыл тәртібін реттеу секілді мәселелер кеңінен қарастырылды.

Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуының үш негізге басымдықтары айқындалған.

Бірінші басымдық — заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу.

Екінші — мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы — Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», — делінген. Тұжырымдама ар-ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардың құқықтарын, діни бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің конституциялық негіздерін жоюға, халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Үшінші басымдық ретінде діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.

Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру маңызды рөл атқарады.

Осы ретте, діни бірлестіктердің толықтай қызмет етуін қамтамасыз етуге, дін саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге, деструктивті діни ағымдардың идеяларының таралуына тосқауыл қоюға және қоғамның әр түрлі институттарын тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына басымдық беру – Тұжырымдаманың басты міндеті деп толық сеніммен айтуға болады.

          Елбасы Н.Назарбаетың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» — деп атап өткендей, тұжырымдама рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу мақсатын көздейді. Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың құқықтық, әдістемелік, ұйымдастыру шараларын қамтыған.

Діни наным жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, рухани үйлесімді, әлеуметтік қарым-қатынастар мен азаматтардың санасындағы әлеуметті қамтитын сала. Сондықтан, дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің  ұсынылған тәсілдері мен мемлекеттік саясат қағидаттары елдің ерекшеліктері мен халықтың мәдени ерекшеліктерін ескеретін сипатқа ие.

Қазақстан Республикасындағы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» еліміздің бірлігінің нығаюына, рухани дамуына серпін береді. Аталған тұжырымдама ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған құжат деп есептеуіміз қажет.

Дін саласындағы мемлекет саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы еліміздің зайырлық негіздегі ұстанымын нығайтуда үлкен іс атқаруда.

Себебі дінді қоғамнан бөліп қарау мүмкін емес. Қазақстандағы айрандай ұйыған татулық пен этносаралық келісімді сақтау – баршаға ортақ міндет. Бұл тұжырымдама рухани сананың жаңғыруына қызмет ететіне сенімім мол.         

 Мақала авторы А.Сейдрахман

Centre-tur.kz