«Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жағдайы мен жетілдіру бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

29 қазан күні «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жағдайы мен жетілдіру бағыттары» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Дін саласындағы түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті және діндер саласындағы аймақтық жергілікті атқарушы органдар басты назарында.

Еліміздің барлық аймақтарында ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді, олардың міндеті — халықтың конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат туралы хабардарлығын арттыру; толеранттылықты, қазақстандық қоғамның рухани бірлігін қалыптастыру, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау; қоғамда деструктивті жалған діни ұйымдар мен ағымдардың, сондай-ақ экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмау.

Шараға Республикасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің өкілдері, дін саласындағы облыстық атқарушы органдардың мамандары, облыстық дін істері басқармаларының өкілдері, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының қызметкерлері, сондай-ақ, облыстық дін істері дирекцияларының, Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының өкілдері белсенді қатысты.

Дөңгелек үстелде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді, олар мемлекеттік мекемелер, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын сарапшыларға ұсынылды.