ДІН МЕН ДӘСТҮР АЙЫРЫЛМАС ЕГІЗ ҰҒЫМ

Соңғы уақыттағы жат ағымдардың кері әсерінен дәстүріміздің дінге қайшы тұстары көп айтылып жүр. Қайндай дін болмасын егер сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе ол қатерге айналады.  Ислам әлемі біртұтас болғанымен, әр халық оны өзінше тұтынған.

Қазір болып жатқан дәуір идеологиялық күрес дәуірі, саяси тактикалар дәуірі. Оның нақты айғағы еліміздегі миссионерлік. Олардың бүгінгі әрекеті халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлерін жоққа шығару, тұтас бір халықтың ішіне іріткі салу, халқын фатализмге сүйреу.

Қайсы бір ұлтты алып қарасақ та дініне, географиялық мекеніне байланысты өзіндік салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Сол себептен де дін мен дәстүр бір-бірімен тығыз байланысты ұғым.

Салт-дәстүрін жоғалтқан халықтың болашағы бұлыңғыр.

Жоғарыдағы пікірлерге қарап бүгінгі жастарымыздың жат ағымдарға кіріп кетуінің бір себебі, осы дәстүрімізді білмегендіктен немесе дұрыс түсінбегендіктен деуге болады. Болмаса теріс ағымдардың ықпалына түсіп, дәстүрімізді жоққа шығаруынан туындаған мәселелер.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы айтқандай «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік» дегендей қанша ғасырлар  өтіп, қанша қоғамдық формациялар өзгерсе де, діни құндылықтар сол күйі ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады.  

Сол себепті де дәстүрімізді келешек жастарға дұрыс дәріптей білсек басымыз аман, еліміз тыныш боларына сенім мол.

Зикирия Жандарбек