Шет мемлекеттеріндегі қақтығыс аймақтарынан келген азаматтарды дерадикализациялау, оңалту және әлеуметтендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Шымкент қаласының тиісті жергілікті атқарушы органдары тарапынан іс-шаралар жоспары бекітілген.
Қазіргі таңда, аталған операция аясында елге оралғандар саны 15 адам.
Бүгінгі күнге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің білікті теолог мамандары мен «ШАНС» бейімдеу орталығының психолог мамандары тарапынан Шымкент қаласындағы 15 әйел азаматшамен бейімдеу шаралары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, олардың мектеп жасындағы балалары орта білім беру мекемелеріне орналастырылған.
Сонымен қатар, еліміздің салт-дәстүрлері, өнер мен әдет-ғұрыптары және түрлі тұрмыстық бұйымдарымен таныстыру мақсатында қала аумағында орналасқан тарихи-өлкетану музейіне экскурсияға қатыстырылып, мұражайдағы Ұлы Жібек жолы, Отырар, Сайрам, Түркістан сынды ежелгі қалалар мәдениеті мен өлкенің 2,5 мың жылдық тарихына шолу жасалынып, музейдің экспозициялық залдары мен көрмелері таныстырылды.
«Жусан» операциясы аясында елге оралған азаматшалармен теологиялық-психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мамандарының қатысуымен «ШАНС» әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы» мекемесінде кездесулер өткізілді.