Ағымдағы жылдың 28 тамызы күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде деструктивті діни ағымдардың ізбасарларын оңалту мәселелері қаралды. Елімізде «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ радикалды бағытталған адамдармен, соның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге маманданған. Ол өз қызметін барлық өңірлерде жүзеге асырады.
Мақсатты оңалту жұмысы террористік және экстремистік қызметке қатысқаны үшін сотталған адамдар арасында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұйымдастырылады.
2020 жылдың 2 тоқсанында Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, түрмелердегі 416 сотталушының қатысуымен 675 шара ұйымдастырылған. Оның ішінде 241 адамның қатысуымен 567 жеке кездесу және 175 адамның қатысуымен 108 жалпы алдын-алу шаралары өткізіліп, нәтижесінде 63 сотталушы оңалтылған.
«Әйелдер жамағаттарының» өкілдерімен алдын алу жұмыстарының құралдарының бірі — оларға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.
Есептік кезеңде ДІБ 410 әйелге 5 561 293 теңге көлемінде әлеуметтік және материалдық көмек көрсеткен, соның ішінде басқа да көмектер көрсетілді (тамақ, киім, қағазбастылық, балаларды мектепке жинау, жұмысқа орналасуға көмек, жаңа мамандықтар мен бейімдеу және т.б.).
Сонымен қатар, кездесу барысында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыратын өңірлерде радикалды діни идеологияны ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету бойынша гранттық жобаның іске асырылу барысы туралы айтылды.
Шара қорытындысы бойынша жобада қарастырылған іс-шараларды уақытында іске асыру, оңалту шараларын күшейту, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.