Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру — қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе.

Денсаулық — ең бірінші байлығымыз! Осы сөздің түпкі мағынасын толық түсіне алмай жатамыз.

Қазіргі кезде тіпті жаңадан туылған нәрестенің өзі түрлі аурулар мен әлсіздікпен туылып жатады. Біздің болашағымыз, ұрпағымыз дені сау, мықты болу үшін өзімізден бастауымыз қажет.

Қазіргі кезде жастарымыздың әлеуметтік желілер мен көптеген түрлі компьютерлік ойындарға қатты беріліп кеткені сонша қалай таң атып, қашан кеш батқанын аңғармай жататын кездері де кездеседі.

Қозғалыссыз өмірдің арты семіздікке, ал семіздік адам органдарының жұмыс атқару принциптерінің өзгеруіне алып келеді.

Қимыл белсенділігі — бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

Дені сау адам алға қойған мақсатына жете білетін, қоғамда өз орын таба білетін, әрқашан жеңіске ұмтылатын табиғаттың ең қымбат жемісі болып табылады. Сондықтан, салауатты өмір сүріп, еліміздің көк байрағын тек биіктерден көрсете білейік.