Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласындағы бірқатар қызметтер бүгінгі күні толыққанды электронды форматқа өтті.
Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға өз септігін тигізуде.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру сияқты ең әлеуметтік маңызды қызметтерді ешқайда бармай ақ, ақпараттық жүйелер арқылы электронды форматта алуға болады.
Жалпы, қаладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын 160 қызмет түрі 132 қызметке оңтайландырылған.