НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы үйлестірушісі ретінде конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша айқындалған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті НҚА жобаларын қабылдау бойынша жұмысты бастады.
Алғашқы 3 күнде әзірлеуші органдардан 320-дан астам НҚА жобалары келіп түсті.
Осыған байланысты, НҚА жобаларына уақтылы және сапалы қорытындыларды дайындау үшін Үйлестіруші мынадай кезеңдерді қамтитын сарапшыларды қайта конкурстық іріктеуді бастады:
1) құжаттарды қабылдау (5 жұмыс күні, ағымдығы жылы 9-13 қараша аралығында);
2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (2 жұмыс күні, 16-18 қараша аралығында);
3) кандидаттарды онлайн-тестілеуді өткізу (1 сағат ішінде — 23 қарашада өткізіледі);
4) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен әңгімелесу (3 жұмыс күні ішінде, ағымдағы жылы 30 қарашаға дейін).
Жалпы, іріктеудің барлық кезеңдеріне 16 жұмыс күні беріледі.
Конкурстық іріктеуге қатысуға сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін барлық тілек білдірген азаматтар шақырылады, олармен Агенттік пен үйлестірушінің сайтында толығырақ танысуға болады.
Құрамында университет қызметкерлері, Қоғамдық кеңес, арнайы мониторингтік топ, «Солтүстік-Қазақстандық медиа-орталығы» ҚҚ мен Агенттіктің өкілдері бар конкурстық комиссия іріктеу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.
Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен үміткерлер сарапшылар тізіліміне енгізіл, ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан бастап сараптама жүргізуге жіберіледі.