«Фатиха», «Аят әл-Курси» және «төрт Қул» (яғни «Кәфирун», «Ықылас», «Фәләқ», «Нас») сүрелерін 7 реттен оқып ауру кісіге үрленетін болса, Алланың қалауымен бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.
Оқылған Құран Кәрімнің және дұғалардың әсер етуі үшін оқып жатқан адам бұған сеніп, науқас харам тағамдар мен күмәнді дәрі-дәрмектен барынша сақтануы керек. Ықыласпен, шын көңілмен тәубе етуі тиіс. Дұға да дәрі сияқты, Алла Тағала қаласа әсер етеді. Шипаны Алла Тағала беретініне сену керек.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үш түрлі ем қолданған: Құран Кәрім, дұға оқыған және ғылыммен табылған дәрілерді қабылдаған. Сондықтан дәрігерлерге де қаралу керек. Ол да бір себеп. Алла Тағала барлық нәрсені себеппен жаратып, соларға ден қоюға әмір еткен.