АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН

Шымкентте алкоголь өнімдерін шығарып келген заңсыз цех анықталды. Онда заңбұзушылар көрнеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысқан. Жасырын цех қалалық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде белгілі болды.

Тексеру барысында көрнеу жалған есепке алу бақылау маркалары жабыстырылған түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт пен 67 есепке алу-бақылау маркалары табылған. Сондай-ақ, сұйықтықтарды араластыруға арналған сорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақшалар және 40 мың теңге ақша қаражат анықталып, тәркіленіп алынған. Дайындалған алкоголь өнімдерінің ары қарай Шымкент қаласының азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды.

Камилхан Исмаилов – Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы

Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 233-бабының 2-бөлігімен  сотқа дейінгі етргеп тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысты барлық тұлғалар анықталды. Тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Перизат Ортай