«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді- деп хабарлайды Шымкент қаласының антикор орталығы.

Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты мамыр айында Адалдық сағаты алғаш рет онлайн форматта өтті.  Аталған іс-шараны ай сайынғы негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

Шілде айының 17-24 аралығындағы «Адалдық сағатының» тақырыбы ұлы ойшыл, ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп аталып, мемлекеттік және орыс тілдерінде бейне дәрістер әзірленді.

         Ол өз шығармаларында тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.