Қаратау ауданында биыл бірқатар көшелерде жол жөндеу жұмыстары қолға алынды. Биыл аудан аумағындағы Азат, Асар-2, Тұран, Нұртас, Мирас, Қайтпас, Бозарық шағынаудандары, Бозарық саяжайы мен Таскен, Сайрам, Қызылсу, Шапырашты, Орманшы, Мәртөбе, Қайнарбұлақ, Достық тұрғын алаптарындағы 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Азат, Ақжайық, Тұран, Нұртас және Қайтпас шағынауданында ұзындығы 52,8 шақырым 29 көшеге күрделі жөндеу және 35,2 шақырым 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар Әл-Фараби, Ә.Темір, Ибрагим ата, Ю.Сареми көшелерінде (42 шақырым) 2018 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады.
Қазіргі уақытта, жалпы ұзындығы 44 шақырым 78 топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлермен түзілген меморандум аясында 21 шақырымды құрайтын 14 көшеге шағал тас төселді. Ағымдағы жылы 19,6 шақырымға аяқжол орнатылса, 2021 жылға 21,2 шақырым көшеге аяқжол салуға ұсыныс берілді.
Қаратау ауданы аумағында жалпы 207 қоғамдық көлік аялдамалары орнатылған. Ағымдағы жылы орталық маңызы бар 13 көшеге 70 аялдама орнату жұмыстары атқарылуда. 2021 жылға 34 орынға ұсыныс берілді.Ағымдағы жылы су жиналатын Көшеров, Бабашұлы, Кеңжарық, Абдиров көшелеріне жалпы ұзындығы 5,6 шақырымға иригациялық арық орнатылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі